Қайрат Қожамжаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды

Қайрат Қожамжаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды

Қайрат Қожамжаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қайрат Пернешұлы Қожамжаров  1965 жылы   дүниеге келді. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 2016-2017 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған. 2017 жылдан бері ҚР Бас прокуроры қызметін атқарып келді. Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ресей Федерациясының «За нашу победу» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.