Сайрам ауданында 2 сиырмен байыған кәсіпкер тұрады

Сайрам ауданында 2 сиырмен байыған кәсіпкер тұрады

Сайрам ауданында 2 сиырмен байыған кәсіпкер тұрады
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Сайрам ауданында «Шерзад-1» шаруа қожалығы жұмыс істеп келеді. 2000 жылы негізі қаланған қожалық ірі қара малын өсірумен айналысады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер аталған шаруашылық нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  width= Бүгінде қожалықтың меншігіндегі мал басы саны 120-дан асып жығылады. Мекеме басшысы шаруашылық ауқымын тағы да кеңейте түсуді жоспарлап отырғанын айтады.  width= «Мен бұл шаруаны екі сиырмен бастағанмын. Алдымен өсіріп, семіртіп біреуді екеу ету үшін жас танашықтарға ауыстырдым. Малдың басы құрала түскеннен кейін мемлекеттік бағдарламамен кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша көмек алдым. Бұл да шаруамның ілгерілеуіне үлкен септігін тигізді. Мал басы санын арттыра түскім келеді. Бірақ, техника жеткіліксіз, енді мемлекеттік қолдаудың арқасында осы қажеттілікке қол жеткізіп алуды көздеп отырмын», – деді Шухрад Абдукаримов.  width= Қазіргі таңда қожалық сүт өндіруді де қолға алған. Күніне 2 тонна сүт өндіріп, «ФудМастерге» өткізіп келеді. Мұнда 80 мен 150 мың теңге аралығындағы жалақымен 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  width= Бүгінде бұл кәсіпкердің атқарып отырған жұмысы көпшілікке үлгі болып отырғанын айтады аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары. Мәселен, Зәуре Сансызбаева үйінде 5 сиыр байлап бағып отыр. Одан күн сайын 70-80 литр сүт алып, дүкендер мен сүт өңдейтін цехтарға өткізіп келеді. Бүгінде шаруа кәсібінің ауқымын кеңейту мақсатында Төлеби ауданынан жер алып, қора соғып мал басы санын көбейтуді жоспарлап отыр.