Бітімгершілер алғашқы көмек дағдыларын үйренді
Бітімгершілер алғашқы көмек дағдыларын үйренді
Қазақстандық бітімгершілер зардап шеккендерге алғашқы көмек дағдыларын үйренді. Қазақстандық бітімгершілердің екінші ротасы Ливандағы бітімгершілік миссиясына баруға дайындықты жалғастыруда. Ротаның жиырма әскери қызметкері әскери медицина орталығында алғашқы көмек көрсетуге дағдыланды. Дәрістер Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай комитеті аясында мамандардың қатысуымен өтті.
Бағалау тек сапалы алғашқы көмек көрсету үшін ғана емес xалықаралық стандарттарға сәйкес берілді. Кәсіптік оқыту аяқталғанда әрбір қатысушыға сертификаттар табысталды. - Төтенше жағдайда көмек көрсету бұл өте маңызды щеберлік деп бітімгершілік полкінің медицина қызметінің бастығы Максут Армияшев өз ойымен бөлісті. Оның айтуы бойынша бітімгерлер кез келген жағдайда дайын болуы керек. Уақытында әрекет ету мүмкіндігі, жағдайды бағдарлаумен алғашқы көмек көрсету шетелдік іс сапарларда өте маңызды. Алғашқы көмек көрсету курсына Ливанға баратын Қазақстандық бітімгершілік полктің барлық әскери қызметшілері қатыстырылды. Қазақстандық Қызыл жарты ай өкілі Ләззат Ибрагимованың айтуынша Қазақстандық бітімгершілік полкінің әскери қызметшілері бағдарламаны жақсы меңгеріп, практикалық сабақтарды өткізу кезінде, өздерінің дағдыларын көрсетті, яғни олар төтенше жағдайларда оларды қолдана алады.