Бітімгершілер алғашқы көмек дағдыларын үйренді

Бітімгершілер алғашқы көмек дағдыларын үйренді

Бітімгершілер алғашқы көмек дағдыларын үйренді
ашық дереккөзі
Қазақстандық бітімгершілер зардап шеккендерге алғашқы көмек дағдыларын үйренді. Қазақстандық бітімгершілердің екінші ротасы Ливандағы бітімгершілік миссиясына баруға дайындықты жалғастыруда. Ротаның жиырма әскери қызметкері әскери медицина орталығында алғашқы көмек көрсетуге дағдыланды. Дәрістер Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай комитеті аясында мамандардың қатысуымен өтті.  width= Дәрістің теориялық бөлігінде жарақаттардың жіктелуі, олардың ауырлық дәрежесін анықтау және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету курсы туралы лекция болды. Тәжірибелік сабақтар бірқатар жағдайлар бойынша өрбіді: жер сілкінісі, су тасқыны, бақылау пунктіндегі өрт, ланкестік шабуылдар. Сценарий бойынша, денеге кірген түрлі бөгде заттарға, ашық сынықтарға, әрі түрлі қан кетуге, сондай ақ бейсаналық болып қалған адамдарға көмек көрсету қажет болды. Тәжірибелік сабақтарды меңгеру үшін жасалған жағдай мүмкіндігінше нақты болғанын айта кету керек. Зардап шеккендерге алғашқы көмекті жедел жәрдем келгенше көрсету керек болды. Бітімгершілер әлемдік стандарттарға сәйкес xалықаралық стандарттар щеңберінде әрекет етуі керек. Бұл үшін жараланғандар 4 санатқа бөлініп, киіміне арнайы түсті карта бекітіледі. Бітімгершілер практикалық тапсырмаларды атқаратын манекендер арнайы көрсеткіш құрылғылармен жабдықталған. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға екі жасыл шам жанады, дұрыс емес болған жағдайда қызыл шам жанады. Қазақстандық бітімгершілердің іс қимылына xалықаралық Қызыл крестпен Қазақстандық Қызыл жарты ай мүшелері бақылап өз бағаларын берді.  width= Бағалау тек сапалы алғашқы көмек көрсету үшін ғана емес xалықаралық стандарттарға сәйкес берілді. Кәсіптік оқыту аяқталғанда әрбір қатысушыға сертификаттар табысталды. - Төтенше жағдайда көмек көрсету бұл өте маңызды щеберлік деп бітімгершілік полкінің медицина қызметінің бастығы Максут Армияшев өз ойымен бөлісті. Оның айтуы бойынша бітімгерлер кез келген жағдайда дайын болуы керек. Уақытында әрекет ету мүмкіндігі, жағдайды бағдарлаумен алғашқы көмек көрсету шетелдік іс сапарларда өте маңызды. Алғашқы көмек көрсету курсына Ливанға баратын Қазақстандық бітімгершілік полктің барлық әскери қызметшілері қатыстырылды. Қазақстандық Қызыл жарты ай өкілі Ләззат Ибрагимованың айтуынша Қазақстандық бітімгершілік полкінің әскери қызметшілері бағдарламаны жақсы меңгеріп, практикалық сабақтарды өткізу кезінде, өздерінің дағдыларын көрсетті, яғни олар төтенше жағдайларда оларды қолдана алады.