Гонконг метросында екі пойыз соқтығысты

Гонконг метросында екі пойыз соқтығысты

Гонконг метросында екі пойыз соқтығысты
ашық дереккөзі
Гонконг метросында екі пойыз соқтығысып, машинистер зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат RTHK корпорациясына сілтеме жасап. «Апат жаңа дабыл жүйесін сынақтан өткізу кезінде қаланың бизнес орталығында орналасқан «Сентрал» стансасының маңындағы жерасты жолының «қызыл» жолағында болған. Соқтығысу нәтижесінде пойыздардың біреуі рельстен шығып, вагондары қирады», делінген хабарламада. МТР корпорациясының теміржол тасымалы операторларының хабарлауынша, оқиға салдарынан Гонконгті қаланың құрлықтағы бөлігімен байланыстыратын көршілес «Сентрал» және «Эдмирэлти» стансаларында пойыз қозғалысы  уақытша тоқтатылды.