Жаңалықтар

М.Әуезов театрының ұжымы 15 медаль, 17 алғыс хатпен марапатталды

ашық дереккөзі

М.Әуезов театрының ұжымы 15 медаль, 17 алғыс хатпен марапатталды

Қазақ хандығының 550 жылдығына белсене атсалысқан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлерін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 15 медаль, 17 алғыс хатпен марапаттады. Бүгін театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл актерлерді құттықтап, медальдар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.

КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, Қазақстанның халық артистері Есмұхан Обаев, Сәбит Оразбаев, Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ә.Рахимов, Алма Кәкішева, Саят Мерекеұлы, Мұрат Нұрәсілов, Бақтияр Қожа, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Есенгелді Тұяқов, "Дарын" сыйлығының лауреаты Жандарбек Садырбаев, актриса Айзада Сатыбалдиева мен режиссер Елік Нұрсұлтан медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Оразхан Кенебаев, Әубәкір Рахимов, Саят Мерекеұлы, Бауыржан Қаптағай, Бақтияр Қожа, Бекжан Тұрыс, Қазақстанның халық артистері Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, театр директорының орынбасары Руслан Сеңкебаев, режиссер Елік Нұрсұлтан, актерлер Дархан Мұсаев, Берік Айтжанов алғыс хаттармен марапатталды.

М.Әуезов театрының баспасөз қызметі