Павлодарда жасырын бақылайтын патруль көліктері пайда болды

Павлодарда жасырын бақылайтын патруль көліктері пайда болды

Павлодарда жасырын бақылайтын патруль көліктері пайда болды
ашық дереккөзі
Павлодар көшелерінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу және жасырын бақылауға арналған патруль көліктері пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.  Жергілікті полиция енгізген жаңалықтың арқасында 12 құқық бұзған жүргізуші куәлігінен айрылды. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 54 жүргізуші анықталды, 24 материал сотқа жіберілді. Жасырын бақылаудағы арнайы көліктер байланыс құралдарымен, мобильді тіркеуіштермен және өзге де арнайы техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғылар бар.