Жаңалықтар

«Қош келдің, әз Наурыз!»

ашық дереккөзі

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының мұрындық болуымен бастауыш сыныптағы оқушылардың шығармашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы жан-жақты білімдерін тереңдету, мәнерлеп өлең оқу, бата жаттау, ән айту, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу, шығармашылығы арқылы көктем табиғатының ерекшелігін көрсете білу, ұлттық салт – дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу мақсатында 14 наурыз күні №40 жалпы білім беретін мектептің шаңырағында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға ауданның 14 білім мекемесінен  41 оқушы қатысты. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған ауданның дарынды оқушылары өздерінің жүлделі орындарына ие болды. 1. «НАУРЫЗ БАТА» номинациясы бойынша: > Бас жүлде иегері - Азат Күзембаев (№40 жалпы білім беретін мектеп); > І орын – Жолдыбай Бағлан (№183 жалпы білім беретін мектеп); > ІІ орын – Жеңіс Әліби (№65 жалпы білім беретін мектеп); > ІІ орын – Рүстем Мұхам > едиұлы (№191 жалпы білім беретін мектеп); > ІІІ орын – Теңізбай Нұрлыбек (М.Базарбаев атындағы №138 гимназия); > ІІІ орын – Балғабек Бекмахан (№10 мектеп-интернат); > ІІІ орын – Төлегенұлы Рамазанәлі (№190 жалпы білім беретін мектеп). 2. «КӨКТЕМ АРУЫ» номинациясының қорытындысы: > Бас жүлде иегері - Медекенова Айдана (№88 жалпы білім беретін мектеп); > І орын – Салыбек Сая (№81 мектеп-гимназия); > ІІ орын – Тыныбек Мадина (№183 жалпы білім беретін мектеп); > ІІ орын – Ерғали Ажар (№40 жалпы білім беретін мектеп); > ІІІ орын – Мекешова Кәусар (№145 жалпы білім беретін мектеп); > ІІІ орын – Матаева Ақмарал (№93 жалпы білім беретін мектеп); > ІІІ орын – Дінмұхамед Кәусар (М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия). 3. «НАУРЫЗ ДУМАН» үшінші номинация: > Бас жүлде иегері - Тастыбай Батыр (М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия); > І орын – Бостан Нұрболат (№10 мектеп-интернат); > ІІ орын – Абдулла Мәди (№40 жалпы білім беретін мектеп); > ІІ орын – Амангелді Нұрасыл (№65 жалпы білім беретін мектеп); > ІІІ орын – Мұрат Дильназ (№146 мектеп-лицей); > ІІІ орын – Исан Аяна (№145 жалпы білім беретін мектеп); ІІІ орын – Марат Азамат (М. Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназия).