Ауыл шаруашылығына Польша технологиясы енгізіледі
Ауыл шаруашылығына Польша технологиясы енгізіледі
Түркістан қаласында «Түркістан: польшалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтті. Шетелдік делегаттар құрамында экономика, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация және машина жасау салаларында қызмет ететін 20-ға жуық кәсіпкерлер мен компания өкілдері болды. Делегацияны Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич бастап келді. Қонақтар Түркістан облысының кәсіп иелерімен кездесті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы «Turkistan Invest» компаниясы ұйымдастырған форум аясында қос тарап бірігіп жүзеге асыратын жобалар, экспорт пен импортқа қатысты мәселелер жайында сөз қозғады. «Инвестиция және сауда бойынша польшалық агенттік» АҚ шетелдік сауда офисінің басшысы Юлия Городецкая бұл бизнес-форум екі елдің нарықтағы жағдайын жақсартуға әсер ететінін айтты.