ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі: Нанды кесіп сату керек!

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі: Нанды кесіп сату керек!

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі: Нанды кесіп сату керек!
ашық дереккөзі

Нанды ысырап етпес үшін оны кесіп, аз бөліктермен сатқан тиімді. Бұл – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаровтың ұсынысы. "Нанды кесек-кесек қылып сату деген өте дұрыс. Неліктен нанның қалдықтары қалып қояды? Өйткені, біз тұтас бір бөлкені сатып алып, үйде соның жартысын ғана жеп үлгереміз", – деді Астанадағы нан зауытындағы баспасөз туры барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ол. Елімізде жаңа жылдан бастап нан бағасы еркін айналымға жіберілетіні хабарланған болатын. Яғни 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік нанды субсидиялау тоқтатылады. Бұл бір бөлке құнының 80-90 теңгеге дейін көтерілуіне себепкер болуы ықтимал дейді мамандар. Осыған дейін еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанда табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар әлеуметтік маңызды өнімнің бағасы артқан жағдайда әлеуметтік көмек ала алатынын мәлімдеген еді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, нан бағасы өскен жағдайда "күнкөріс минимумының көлемі өзгереді, бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын арттыруға мүмкіндік береді".