ҚР Ұлттық музейі жуырда «Жұлдызды гид» атты имидждік жоба ұйымдастырмақ. 26 қараша күні есімі елге белгілі өнер иелері мұражай қызметкерлерінің кейпіне енеді. Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шарада отандық өнер жұлдыздары музей қонақтарына ақпараттық қызмет көрсетеді. Жобаның басты мақсаты - Ұлттық музейдің қоғамдағы имиджін арттыра отырып, экскурсовод қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру. Өнер жұлдыздарын жаңа қырынан танытатын жоба мұражай экспонаттарына деген қызығушылықты арттыра түсетіні анық.