Тұрғымбаев қысқартулардан кейін полицейлердің жалақысы жайлы айтты

Тұрғымбаев қысқартулардан кейін полицейлердің жалақысы жайлы айтты

Тұрғымбаев қысқартулардан кейін полицейлердің жалақысы жайлы айтты
ашық дереккөзі
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев жұмыстан қысқарып қалған полицейлерді қайда орналастыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Біз өз қатарымыздағы қызметкерлердің 10 пайызын қысқарттық, бірінші кезекте, орталық аппаратта 15 пайызға қысқарды. Басқару аппараты қысқарып, аудандық буынға дейін төмендеді. 10 пайызға қысқарту есебінен патрульдік полицияның еңбекақысын 65 пайызға өсіреміз. Олардың жалақысы төмен болып шықты. Мәртебені көтеру үшін, сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін және күрделі еңбек жағдайлары үшін жалақыны көтереміз», - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистерге. Полицияның жедел-тергеу жасақтарында қызмет ететін мамандардың жалақысы 55 пайызға өседі. «Бұл күрделі жұмыс учаскесі: істерді тергеу, қылмыстарды ашу, қылмыскерлерді ұстау. Қазір тергеушілер мен жедел уәкілдер 120 мыңнан аса жалақы алады, 1 шілдеден бастап олар 170 мыңға жуық ақша алады. Қалған санаттардағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға өседі. Қалған (қысқартылған - түсіндірме) қызметкерлер шетте қалып қойған жоқ, бір ай ішінде оларды өңірлерде, аудандық ІІБ бөлімшелерінде бос орындар бойынша бөліп, жұмысқа орналастырамыз», - деді министр.