13 Наурыз, 15:03 186 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

АҚШ-та 16 қабатты ерекше ескерткіш бой көтерді

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында биіктігі 46 метрге жететін ескерткіш бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Вессель» деп аталатын архитектуралық туындының ерекшелігі, мұндағы 154 баспалдақтың әрқайсысы бір-бірімен жалғасып, 16 қабат түзген. Батыс Манхэттеннің ажарын ашатын нысанның құны 200 миллион долларға жуықтайды. Оның құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Британдық архитектор Томас Хезервиктің жобасы жаңадан салынған Хадсон Ярд ауданының басты символы саналады.

 

Соңғы жаңалықтар