Ластанған ауа өлімнің басты себебі екені анықталды
Ластанған ауа өлімнің басты себебі екені анықталды
Германияда Макс Планк атындағы химия институтының зерттеушілері ауаның ластануы заманауи адамдардың денсаулығына әсер ететін ең қауіпті фактор екенін анықтады. Олардың дәлелі European Heart Journal журналында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz МедикФорумға сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, жыл сайын ластанған ауаны жұту салдарынан қайтыс болған адамдар саны темекі шегіп көз жұмғандардан көбірек. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын осы фактордың салдарынан ауруға ұшырап, өмірден өтетін адамдар саны 8,8 миллионға жуық.
«Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, жылына 7,2 миллион адам темекі шегу салдарынан қайтыс болады. Осылайша, ауаның ластануы бүгінде заманауи адамдардың өміріне қауіп төндіретін басты фактор болып тұр», - дейді зерттеушілер.
Ғалымдар ластанған ауаның әсеріне байланысты Еуропада адам өмірінің орташа ұзақтығы екі жылға қысқарғанын мәлім етті. Зерттеу нәтижесі бойынша, ластанған ауа әлі дүниеге келмеген сәбидің де денсаулығына кері ықпалын тигізеді.