12 Наурыз, 11:11 388 0 Спорт Назым Тойлыбаева

Зидан қайтадан "Реалдың" бас бапкері болып тағайындалды

Француз Зинедин Зидан қайтадан испандық "Реал Мадрид" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Зиданмен келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалды, деп хабарлайды  centralasian.org.

Осы уақытқа дейін команданы Сантьяго Солари баптап келді, ол бұл қызметке 2018 жылдың қазан айында кіріскен. Ол былтыр жазда клубқа бапкер болып келген Юлен Лопетегидің орнын басқан.

Зидан командадан 2018 жылдың 31 мамырында кетті. Екі жарым жылға созылған бапкерлік қызметі кезінде ол Испания чемпионатын және Суперкубогын бір мәртеден жеңіп алды, үш рет Чемпиондар лигасының ең мықты клубы атанды. ФИФА Зиданды 2017 жылдың үздік бапкері деп таныды.

Қазір "Реал" Испания чемпионатында үшінші орында тұр, ол "Барселонадан" 12 ұпай қалып келеді. Мадридтік команда Испания кубогы және Чемпиондар лигасы жарыстарынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар