11 Наурыз, 10:48 437 0 Экология Назым Тойлыбаева

Қазақстанның бірнеше өңірінде өзен суының деңгейі көтеріледі

Республиканың екі облысына ескерту берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 10-13 наурызда күндіз және түнде ауа райының жылынуына байланысты және жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қарлар мен мұз жамылғысы еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

10-13 наурызда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қарлар мен мұз жамылғысы еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар