Жаңалықтар

Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

ашық дереккөзі

Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, 25 адам, соның ішінде төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін күндізгі 11:16-да Орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне Құбайдербіұлы көшесі, 31/1 үйден өрт тұтанғаны туралы хабар келген. Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінде жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар өртеніп жатқанын анықтайды.