Жаңалықтар

Атырауда Жайық өзенін өлі балықтан тазалап жатыр

ашық дереккөзі

Атырауда Жайық өзенін өлі балықтан тазалап жатыр

Жайық өзеніндегі мұз ери бастағаннан Атырауда өзендегі өлі балықты жинау жұмысы жандана түсті. Күн сайын ондаған адам су айдынын тазалаумен айналысуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммункациялар қызметі.​ ​ Еске сала кетейік, өткен жылдың аяғында Атырауда балық жаппай қырылған болатын. Өлген балықтың бір бөлігі сол бойда жинап алынды, қалғандары өзенде мұз тұруына байланысты жиналмай қалды. Мамандар бұл жұмысты мұз ерігесін жалғастыру қажет деп шешті. ​ Сәдібекұлының айтуынша, барлық жиналған балық «Арнайы автобаза» ЖШС-нің аумағында жойылатын болады. Сондай-ақ, өңірдің балық қорына қандай нұқсан келтірілгені анықталады.​ ​