ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданындағы алтын құрсақты Назира Алиева мен Айгуль Аязбаева сынды көпбалалы аналардың үйлеріне барды. Кездесуде өңір басшысы әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, Назира Алиева – Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылының тұрғыны. Отбасында 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отыр. Айгүл Аязбаева да осы ауданның тұрғыны. «Күміс алқа» иегері. Жеке кәсіпкер. Ардақты аналар өңір басшысының арнайы құттықтап келгеніне ризашылық білдіріп, Түркістанды өркендету бағытындағы бастамаларына сәттілік тіледі.