CNN: Салмағы 220 грамм болып туған нәресте ауруханадан шықты

CNN: Салмағы 220 грамм болып туған нәресте ауруханадан шықты

CNN: Салмағы 220 грамм болып туған нәресте ауруханадан шықты
ашық дереккөзі
2018 жылы тамыз айында Токиодағы Кейо университетінің ауруханасында 220 грамм болып туған ұл бала бес айдан соң үйіне жіберілді. «CNN» басылымының жазуынша, жүктіліктің 24 аптасында туған нәрестенің тірі қалатынына дәрігерлер де, анасы да сенбеген. Мамандардың айтуынша, қазір баланың денсаулығы жақсы. Бұған дейін салмағы 300 грамнан аз бала Германияда 2009 жылы туған болатын. «Tiniest Babies University of Iowa» журналының хабарлауынша, бүкіл әлем бойынша 1936 жылдан бастап салмағы 300 грамнан төмен 23 бала туған.