Жаңалықтар

Der Standard: Балалы болу өмірді ұзартады

ашық дереккөзі

Der Standard: Балалы болу өмірді ұзартады

«Адамның өмір жасының ұзақтығына алкогольдің, темекі мен спорттың әсері туралы зерттеулер өте көп. Ал балалы болу адам өмірінің ұзақтығына әсер ете ала ма? Португалия ғалымдары осы сұраққа жауап алу үшін зерттеу жүргізіп көрді», – деп жазады «Der Standard» басылымы. Ғалымдардың айтуынша, баласы барлар көп жағдайда рак, жүрек ауруымен көп ауырмайды. Ғалымдар Англиядағы 205 277 адамның мәліметтерін сараптап, балалы әйелдердің рак ауруына ұшырау қаупі баласы жоқтарға қарағанда 72,5 пайызға аз. Сонымен қатар жүрек қантамыр аурулары мен суицид жағдайы балалы әйелдерде баласы жоқтарға қарағанда үш есе аз. Баласы бар ер адамдарда да инфекция, жүрек қантамыр аурулары, рак, инфаркт баласы жоқтарға қарағанда әлдеқайда аз.