Жаңалықтар

Күләш Шәмшидинова: Қате оқулықтарды түзейміз

ашық дереккөзі

Күләш Шәмшидинова: Қате оқулықтарды түзейміз

– Көріп тұрсыздар, оқулықтарда кемшіліктер бар. Бірер күн бұрын республикалық комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия кейбір оқулықтарды қайта түзетуге жіберді. Оқулықтарды басуға жібермес бұрын, былтырғыдай қоғам талқылауынан өтеді. Мәселен, концептуалдық негізде білім беретін финн білімін білеміз. STEM әдісімен білім беру бар, яғни математика, информатика, химия, физика және биология пәндерінің интеграциясы. Осының есебінен балалардың сабағын жеңілдетуге болады. Пәндер бірін-бірі қайталамай, оларды дамытуға арналу керек. «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда былтыр 2412 кітап мақұлданып, 1613 оқу құралы комиссия іріктеуінен өтпеген екен.