Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтейік
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтейік
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан» деп, Наурыздың тәлімдік әрі тәрбиелік мазмұнын ашып көрсетіп берді. Енді заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Осы күні балалардың есінде қалатындай мереке сыйлағанымыз жөн. Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды бүлдіршіндерге арнауымыз керек.
Қазіргі заманға лайықтап, шоколадпен көмкеріп, көрнекі қаптамасын жасап, көз тартар қорапқа салып, ұлттық тағам аясында әзірленетін жент, талқан, балқаймақ, кілегей, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік және тағы басқаларын әдемі де лайықты етіп әзірлеу процесін жолға қоятын мезгіл жетті.