Жаңалықтар

Кунио Микурияның Қазақстанға сапары

ашық дереккөзі

Кунио Микурияның Қазақстанға сапары

Жуырда Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Қазақстан Республикасында ресми сапармен болды. Сапардың негізгі мақсаты халықаралық ұйымының Қазақстан Республикасымен «кеден ісінің күн тәртібін дамыту және транзиттік-көліктік әлеуетті арттыру бойынша бастамаларды қолдау үшін» сүйемелдеу және ынтымақтастықты жандандыру. Сапар аясында К. Микурия Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесті. Үкімет басшысы Микурия мырзаны соңғы сайлаудағы жеңісімен және 2018 жылдың маусым айында ДКедҰ Кеңесінің соңғы отырысында өткен, Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады және Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымымен арадағы ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлетіндігін және ұлттық кедендік әкімшілігінің Қазақстанның ДКедҰ жұмыс органдарындағы мүшелігі сияқты техникалық қолдау көрсетуде де қолдауын бағалайтындығын атап өтті. Кунио Микурия ДКедҰ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың жандануын атап өтті және Қазақстанның бастамаларына өзінің нық қолдауын білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан мен ДКедҰ арасындағы өзара қарым-қатынасты мүше мемлекет пен халықаралық ұйымның жемісті ынтымақтастығының "үлгісі" деп атауға болады. К. Микурия, сондай-ақ Хатшылықтың Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің қарқыны мен тиімділігін бақылап отырғанын және кеден ісі саласында институционалдық даму миссиясын тағы да жіберуге дайын екендігін атап өтті.