Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ АНАЛАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ашық дереккөзі

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ АНАЛАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандылар қауымын құттықтады. Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шараға тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар төрден орын алды. Облыс басшысы өңір дамуына өлшеусіз үлестерін косып келе жатқан аналарымызға өз алғысын білдірді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Тарихымызда бір отбасыға ғана емес, тұтас елге үлгі-өнеге көрсеткен ардақты аналарымыз бен батыр аруларымыз болған. Даналықтың белгісіндей Домалақ ана, ұлы Абайды тәрбиелеген Зере әже біздің ел үшін әже тәрбиесінің, ана мейірімінің орны ерекше екенін аңғартқандай. Бүгінде ақ жаулықты аналарымыз, намысты аруларымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. Отбасының ғана емес, Түркістан облысының өркендеуіне үлес қосып келеді. Атап айтсақ, білім, мәдениет, медицина, жергілікті басқару, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт және өзге де салаларда озат еңбегімен көзге түсіп жүрген қыз-келіншектер жетерлік.