Жаңалықтар

Геннадий Головкиннің бір дәл соққысы қанша тұрады

ашық дереккөзі

Геннадий Головкиннің бір дәл соққысы қанша тұрады

Ұлыбританияның букмекерлік кеңселерінің бірі Ladbrokes танымал британдық боксшылардың бір дәл соққыға шаққанда қанша табыс тапқанын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. ТОП-10 рейтингте тоғызыншы орынға 2016 жылы Лондонда Геннадий Головкинмен өткізген айқасы үшін Келл Брук орналасқан. Ladbrokes дерегі бойынша, британдық жекпе-жек үшін 85 дәл соққы берген. Оның әр соққысы 46 433 фунт стерлингке (61 мың доллар) тең болған. 133 соққыны дөп түсірген Головкин әрқайсысы үшін 29 675 фунт стерлинг алған (39 мың доллар). Еске салайық, Головкин-Брук жекпе-жегі бесінші раундта британдық боксшының бұрышы рингке сулық тастағаннан кейін тоқтатылған еді. Бірінші орынды Амир Хан иеленді. Ол Сауль Альвареспен айқасы үшін 213 784 фунт тапқан. «Канело» әрбір дәл түскен соққысы үшін 43 168 фунт алған.