Күләш Шәмшидинова: оқулықтарда кемшіліктер бар
Күләш Шәмшидинова: оқулықтарда кемшіліктер бар
«Көріп тұрсыздар, оқулықтарда кемшіліктер бар. Бірер күн бұрын ресубликалық комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия кейбір оқулықтарды қайта түзетуге жіберді», - деді Күләш Шәмшидинова. Министрдің сөзінше, оқулықтар басып шығаруға жібермес бұрын, былтырғы жылдағыдай қоғам талқылауынан өтеді. «Мәселен, концептуалдық негізде білім беретін фин білімін білеміз. STEAM-білім беру деген бар, яғни математика, информатика, химия, физика және биология пәндерінің интеграциясы. Осының есебінен балалардың сабағын жеңілдетуге болады. Пәндер бірін-бірін қайталамай, оларды дамытуға арналу керек», - деп мәлімдеді білім министрі. «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда былтыр 2412 кітап мақұлданып, 1613 оқу құралы комиссия іріктеуінен өтпеген.