Әлеуметтік көмек жағдайы ең төмен отбасыларға ғана беріледі

Әлеуметтік көмек жағдайы ең төмен отбасыларға ғана беріледі

Әлеуметтік көмек жағдайы ең төмен отбасыларға ғана беріледі
ашық дереккөзі
Атаулы әлеуметтік көмек жағдайы ең төмен отбасыларға ғана беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атаулы әлеуметтік көмек оны ең қажет ететін, ең төмен  жағдайлы азаматтарға, отбасыларға берілетін болады. Елімізде 4 миллионнан астам отбасы бар. Әр отбасының жағдайы әртүрлі. Сондықтан, алдын ала берілген есеп бойынша, ол Елбасы сөзінде де айтылды, 830 мың тұрғынға көмек  жәрдемақы ретінде беріледі», -  деді ол. Вице-премьердің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік органға арызданып, көмек сұрап жатқан басқа да отбасылардың легі қалың. «Ол отбасылар жеке-жеке қаралатын болады. Бірінші орында жұмыспен қамту мәселесі қойылады. Жұмысын бастауы  немесе ары қарай жалғастыруы үшін әртүрлі деңгейде несиелер беру мәселесі қаралады. Жастарға гранттар беру,  көпбалалы аналарға үйде жұмыс жасау үшін жағдай жасау мәселесін кең пайдалануымыз керек. Бұл үшін жұмыстар атқарылады», - деді ол. Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары бұл бағытта БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. «Өзім де сіздерге қай кезде де ашық жұмыс істеуге уәде беремін. Барлығымыз бірігіп, әсіресе, мұқтаж жандарға, аз қамтылған отбасыларға көмектесуіміз керек», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.