Жаңалықтар

Алматыда көпбалалы аналарға қайырымдылық көрсетілді

ашық дереккөзі

Алматыда көпбалалы аналарға қайырымдылық көрсетілді

Алматыда «Жақсылық жасаудан жарысайық!» атты қайырымдылық шарасы өтті. Көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі ата-аналар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған игілікті іске «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебі ұйытқы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық шарасына әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 700-ден астам адам қатысты.  Марафон нәтижесінде жас кәсіпкерлер тарапынан жалпы сомасы 2 млн. теңгеден астам қаражат жиналды. Соның ішінде 20 көпбалалы отбасына қаржылай және 40 жанұяға материалдық тұрғыдан көмек көрсетілді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі сәбилердің еміне де қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар осындай көмекке мұқтаж отбасылардың арнайы тізімі белгіленіп, жас кәсіпкерлер алдағы уақытта оларға да қолұшын созбақ. Айта кетейік, қайырымдылық марафонын өткізу алдағы уақытта да дәстүрге айналмақ. Игілікті іске мұрындық болғандар осылай қоғамның санасын өзгертуге мүдделі.