Мемлекеттік жер телімдері аукцион арқылы сатылмақ

Мемлекеттік жер телімдері аукцион арқылы сатылмақ

Мемлекеттік жер телімдері аукцион арқылы сатылмақ
ашық дереккөзі

Қазақстандағы мемлекет қарамағындағы ауыл шаруашылық жерлері бұдан былай аукционға шығару арқылы сатылмақ. Жаңадан қабылданған Жер кодексіне осындай ереже енгізілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабардар етті.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жер телімдерінің кадастрлық құны өзгермейді. “Барлық жер пайдаланушыларға айтарым, жерлердің кадастрлық құнын үкімет бекітті. Қазақстанның қарамағындағы барлық жер телімдерінің кадастрлық құны өзгермейді”, – деп атап өтті ол.

Егер жер телімі аукцион барысында сатылмаса, кадастрлық құны 50 пайызға дейін төмендетіледі. Жаңа заң бойынша жалға берілген жерлерді сатып алу үшін жеңілдіктер қарастырған. Бұның алдында ауыл шаруашылық жерлерін жалға алып келген кәсіпкерлер енді оны 10 жылдық мерзім ішінде кадастрлық құнынан 50 пайызға аз бағамен бөліп төлеу арқылы сатып ала алады.

Ұлттық экономика вице-министрінің дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта жеке меншіктің пайдалануында жатқан 98,6 млн гектар жер бар.“Олардың жалпы кадастрлық құны 1 трлн. 200 млрд теңге. Демек, кәсіпкерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен 10 жылға берілсе, олардың құны 500-600 млрд. теңге шамасында болады”, – дейді Қ.Өскенбев.

97,4 миллион гектар жер немесе жер телімдерінің 98,8%-ы ұзақ мерзімді жалға берілген. Соның тек 1,2 пайызы жеке меншікте. Ауылшаруашылық жерлерінің нарықтық айналымға түсе алмай отырғаны сондықтан.