Түркістан: Қазығұрттық кәсіпкер жылына 1 мың тонна өсімдік майын өндіреді
Түркістан: Қазығұрттық кәсіпкер жылына 1 мың тонна өсімдік майын өндіреді
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округіндегі «Сапа 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығының бірқатар бағытын қатар жүргізіп отыр. Соның бірі – өсімдік майын өндіру. Жобаның жалы құны – 112,5 млн. теңге. Өндіріс орны өсімдік майынан жылына 1000 тонна тауар шығаруға қауқарлы, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мекеме басшылығы ісінің ілгерілегенін мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер мен жеңілдіктермен байланыстырады.
Одан бөлек, қожалық мал бордақылаумен де айналысады. Бүгінде жалпы 10 мың бас қойды бордақылауға арналған алаң салынған. Бордақыланған малдың еті елімізден бөлек Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортталуда. Мұнда асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді құйрықты және меринос қойларын өсірілуде. Қазіргі таңда қожалықта 4 683 бас меринос қойы, 3 864 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, 300 бас жылқы, 350 бас ірі қара, бар.
Айта кетейік, шаруашылықты ірілендіру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан жыл сайын жаңа техникалар лизинг негізінде сатып алынады.