Қазақстан мен Түркия: дипломатиялық қатынас орнатылған күн
Қазақстан мен Түркия: дипломатиялық қатынас орнатылған күн
1992 жылдың 2 наурыз күні Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстар орнатылды. Одан бұрын, 1991 ж. 16 желтоқсанда Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған болатын.
Халықтарымыздың тарихы, тілі мен мәдениеті тамырлас, дүниетанымы мен түсінігі жақын. Сондықтан ортақ болашақты бірге баянды етуге бағытталған бірлескен жұмысты жүргізуіміз заңды.27 жыл ішінде қазақтүрік байланыстары сауда-экономика, көлік-инфрақұрылым, туризм, мәдениет, білім беру, қауіпсіздік және т.б. салаларда қарқынды дамып, бүгінде жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде жалғасып жатыр. 1992 жылы 30 млн. АҚШ долларымен басталған екіжақты сауда көлемі қазіргі таңда 2 млрд. доллар деңгейінен асып түсті.