Жаңалықтар

Ұлы кезеңдердің мұрағатын көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс

ашық дереккөзі

Ұлы кезеңдердің мұрағатын көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс

Халқымыздың тарихи-мәдени құжаттық мұралары баға жетпес құндылықтардың әлеуеті екені рас. Еліміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен мұрағат қорының байлығы  -  тарихи  деректерді сақтау ісі өте маңызды міндеттердің бірі.  Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Архив-2025» бағдарламасын жасау қажеттігін атап өтті. Онда ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізуге жол ашылады. Осы мақсатта Алматыда «Орталық мемлекеттік архиві» Республикалық Мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  электрондық Е-мұрағатты талқылау бойынша «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты архивтердегі құнды құжаттарды электронды мұрағатқа оңтайлы түрде көшіру және бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қол жеткізудің мәселелерін шешу. Аталмыш шараға Кино-фото құжаттар мен дыбыс тасбалар орталық мемлекеттік архиві, Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік архиві,  Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты Республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылары және архив ісінің мамандары қатысты. Жиын барысында мамандар мемлекеттік маңызы бар құжаттарды бірыңғай электронды жүйеге енгізудің түпкі мақсаттарын, ақпаратты сақтау және реттеудің оңтайлы жолдарын қарастыру бойынша кеңінен талқылады.