АҚШ-та Бекхэмге ескерткіш қойылды

АҚШ-та Бекхэмге ескерткіш қойылды

АҚШ-та Бекхэмге ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
Ағылшын футболшысы Америкадағы футболдың да аңызына айналып үлгерді. «Лос-Анджелес Гэлакси» команданың бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэмға арнап ескерткіш орнатты. Монумент клуб стадионы «Хоум Депот Сентердің» маңында орын тепкен, деп хабарлайды «Хабар 24». 43 жастағы Бекхэм – MLS тарихында ескерткіш қойылған алғашқы аяқдоп шебері. Дэвид «Лос-Анджелес Гэлакси» клубына 2007 жылы еркін агент ретінде барған. Оның алдында «Реал» мен «Манчестер Юнайтедте», ал АҚШ-тан оралған соң «Милан» және «Пари-Сен Жермен» клубтарында өнер көрсетті. «Гэлакси» сапында Бекхэм MLS-де екі рет топ жарды.