Петропавлда мейрамхана өртінен 200 адам эвакуацияланды

Петропавлда мейрамхана өртінен 200 адам эвакуацияланды

Петропавлда мейрамхана өртінен 200 адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Петропавлдың өрт сөндіру қызметі мейрамханадағы өртке байланысты шақырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Есіл» мейрамханасының жертөлесінде түн ортасында өрт шыққан. Оқиға орнына бірнеше бөлімнің өрт сөндірушілері барды. Мейрамханадан 200 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 15 бала болған. «Мейрамхана мен жақын орналасқан көп қабатты ғимарат арасындағы жылу құдығында өрт шыққан. Онда 6 шаршы метрлік алаңда қоқыс жанған», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Өрт жарты сағаттың ішінде толықтай сөндірілді. Себебі анықталып жатыр.