Жаңалықтар

Бір ауылда 30 үй мен ғимарат жанып кетті

ашық дереккөзі

Бір ауылда 30 үй мен ғимарат жанып кетті

Дағыстандағы бір ауылда 30-ға жуық үй мен қора өртеніп кетті, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы РФ құрамындағы республиканың басшысы Владимир Васильев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. «Мәскеу уақытымен 00:45-тегі жағдай бойынша 17 тұрғын үй, 14 қора жанып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Малды да қорадан шығарып үлгердік», - деді  Васильев. Қазіргі таңда өртті сөндіруге 1,5 мың адам жұмылдырылған. Аймақ басшысының айтуынша, су жеткізу жағынан қиындықтар бар, сонымен қатар өртті ауыздықтауға жел мен ауылдың орналасқан жері де кедергі келтіріп отыр. Бірақ жағдай бақылауға алынған.