Британдық компания жер серіктерін ұшырды
Британдық компания жер серіктерін ұшырды
Британдық One Web компаниясы Жер шарының кез келген нүктесін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ететін жер серіктерін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар орбитаға бейсенбіге қараған түні француз ғарыш айлағынан жіберілді. Әзірге тек 6 байланыс серігі жеткізілді. Егер олар іс жүзінде өз тиімділігін көрсетсе, қалған жерсеріктер тұрақты түрде ұшырыла бастайды. Жоспарға сәйкес, 2021 жылға дейін олардың санын 650-ге жеткізу көзделіп отыр. Жобаға қазірдің өзінде 2 миллиард доллардан аса инвестиция тартылған.
«Мексикада 120 мыңға жуық мектепте интернет жоқ. Егер балаларыңыздың болашағы болғанын қаласаңыздар, олар байланыста болулары қажет. Бұл – заман қажеттілігі. 12 жыл бойы ғаламторсыз немесе ғаламтормен білім алуды елестетіп көріңізші. Айырмашылығы орасан зор», – дейді One Web бас директоры Адриан Штекель.