Туркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы ашылады
Туркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы ашылады
Туркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы ашылады. Сыйымдылығы 100 мың қой басына лайықталған нысан Бәйдібек ауданында бой көтереді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алаң құрылысы 2019 жылдың маусым айында басталады деп күтілуде. Бұл жобаны инвестор ретінде «Salurbey Group» түрік компаниясы қолға алып отыр. Нысанның құны 20 млн. долларды құрайды. Бордақылау бекеті 2500 гектар жерге салынады деп жоспарлануда. Компания өкілдерінің айтуынша, алаң аумағында малдың жүнін қайта өңдейтін және ет пен сүт, айран, йогурт, ірімшік шығаратын цех іске қосылады. Сонымен қатар, жоспарда 1500 гектарға жем-шөп өсіру қаралған.