1 Наурыз 2019, 12:43 718 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Асық ату ойыны еліміздегі Универсиада бағдарламасына енді

Асық ату ойыны еліміздегі Универсиада бағдарламасына енді. Астанадағы спортқа жауапты басқарма мен бұқаралық шаралар өткізу дирекциясы студенттер арасындағы жарысты ұлттық спорт түрімен толықтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы жарысқа 6 жоғарғы оқу орнының құрамасы келіп, асық атудың блиц түрі бойынша сынға түсті. А және В тобындағы үздіктер кейін бір-бірімен кездесіп, Универсиада чемпиондарын анықтады.

Айта кеткен жөн, асық ату қазір ресми спорт түрі саналады әрі арнайы федерациясы құрылды. Жыл сайын ел чемпионаты мен кубоктары өтіп тұрады. Енді олардың қатарына студенттер арасындағы универсиада қосылды.

«Енді аяқққа тұрып келе жатқан спорт қой. Биыл жастар жылына байланысты осы жарысты ұйымдастырып отырмыз. Асықты 6 жастан 60 жасқа дейінгі кез-келген адам ойнай алады. Ежелден келе жатқан ұлттық ойынымыз», – дейді Асық атудан Астана қаласының аға жаттықтырушысы Ескендір Рахметов .

 

 

Соңғы жаңалықтар