Астана аумағында аспаннан үш күн көрінді
Астана аумағында аспаннан үш күн көрінді
Бүгін таңертең Астана тұрғындары ерекше табиғи құбылыс саналатын галоны көзбен көру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Гало» - атмосфералық оптикалық құбылыс. Ол қыста қатты аязда пайда болады. Мамандар аспанды қаз бауыр бұлт басқанда, мұздан тропосфераның жоғары қабатында 5-10 шақырым биіктікте пайда болады деп санайды.
Осы орайда аспанда бірден үш күн көрінгенін байқауға болады. Ғалымдардың пікірінше, бұл «гало» деп аталатын өте сирек кездесетін ерекше құбылыс. Гало құбылысы аяз болған кезде күннің не айдың айналасында пайда болады. Шындығында, бұл кемпірқосақ, оның негізі күн сәулесінің суда емес мұз кристалдарына сынуынан туындайды.
Мамандардың айтуынша, осындай құбылыс кезінде көрінетін күн сәулесі адамдардың көзіне қатты әсер етеді. Сондықтан да галоға күннен қорғайтын көзілдірік арқылы қараған дұрыс болады.