Жаңалықтар

«7-20-25»: Баспаналы болудың тиімді жолы

ашық дереккөзі

«7-20-25»: Баспаналы болудың тиімді жолы

«Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасымен үй алғысы келгендер мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет. Осы уақытқа дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында ғана бөлініп келген еді. Бұдан былай тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың да қолы жетеді. Кейінгі 5 жылда азаматтың басында үйдің болмауы және жинақталған депозит сынды ешқандай талаптар жоқ. Талаптарға сәйкес, әкімдіктер пәтерлер туралы хабарландыруды тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайтын болады. 2019 жылғы кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары (ҚР ИИДМ деректері бойынша):