Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне көңіл айтты
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта. Еске сала кетсек, Каир қаласындағы Рамсес вокзалында жолаушылар пойызы платформаға соғылған. Жүрдек пойыздың жанармай багы жарылып, апаттан кем дегенде 25 адам мерт болып, 50-ден астамы зардап шеккен. ҚР СІМ мәліметінше, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.