Жаңа туған сәбиге ғарышкер Айдын Айымбетовтың есімі қойылды

Жаңа туған сәбиге ғарышкер Айдын Айымбетовтың есімі қойылды

Жаңа туған сәбиге ғарышкер Айдын Айымбетовтың есімі қойылды
ашық дереккөзі

Ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов екі күндік сапармен Қызылордаға келді. Ғарышкер алдымен мектеп оқушылармен кездесіп, ғарышқа сапары туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халық қаһарманы Айдын Айымбетов: "Ғарышкер болу менің бала күнгі арманым еді. Оған жету үшін жастайымнан спортпен шұғылдандым, көп оқуға тырыстым. Ғарышқа барып келуім менің ғана емес, ең әуелі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының, «Қазғарыштың», бүкіл қазақ елінің еңбегі дер едім. Космоста адам баласы үшін әлі тылсым дүниелер көп. Оны игеру жастардың еншісінде. Сондықтан жақсы білім алыңыздар",  - деді оқушылармен кездесуде.

Ғалышкер өңірдегі Ана мен блала орталығына да бас сұқты. Ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов келу құрметіне жаңа туған бүлдіршіндердің біріне ғарышкердің есімі қойылды. Кішкентай Айдын есімді нәресте ата-анасының бесінші перзенті. "Дәл осы күні өңірге ғарышкер, Халық қаһарманы келіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш. Ұлым ғарышкер болсын деген ниетпен Айдын Айымбетовке баламыздың есімін қойдырдық. Бұл біздің отбасымыз үшін тарихи сәт дер едім. Кішкентай Айдынның биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін", - дейді баланың анасы Гүлістан Тастыбаева.

47875652

Екі күндік сапары аясында ғарышкер Айдын Айымбетов Қызылорда қаласында өтетін дәстүрлі Жастар форумына қатысады.