«Нұр Отан»: 20 жыл 20 белес

«Нұр Отан»: 20 жыл 20 белес

«Нұр Отан»: 20 жыл 20 белес
ашық дереккөзі
«НҰР-Медиа» холдингі мен «Астана» телеарнасы партияның мерейтойлық съезінің қарсаңында көрермендер назарына «Нұр Отан»: жасампаздық пен дамудың 20 жылы» атты 30 минуттық деректі фильмін ұсынды. Фильмде Мемлекет басшысы, партияның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен 20 жыл бойғы даму жолындағы алғашқы қадамдар мен жетістіктер туралы баяндалады. Сондай-ақ, алғаш рет партия құрылғалы қызмет атқарған С.А. Терещенко, Б.Т. Жұмағұлов, Ә.Р. Жақсыбеков, Н.З. Нығматулин, Б.Қ. Байбек, М.С. Әшімбаев сынды Төрағаның бірінші орынбасарлары естеліктерімен бөлісіп, сұхбат барысында партия Төрағасының ел тәуелсіздігі мен партияның саяси ықпалын нығайтудағы рөлі туралы, сондай-ақ, ұйымды басқарудағы жеке тәжірибелері мен жүргізілген реформалар жөнінде баяндады. Фильм «Нұр Отан» партиясының халықтың ең өзекті мәселелерін шешуде атқарған оң істерін қазақстандықтардың нақты оқиғалары мысалында көрсетеді. Партияның ең алғашқы съезінен сақталған архив кадрлары, партия филиалдары мен өңірлердегі бастауыш партия ұйымдарының әр кезеңдегі жұмыс барысы картинаға айрықша бірегейлік береді. Партия 20 жыл ішінде сайлау алдындағы Президентті қолдау штабынан жалпыұлттық саяси ұйымға дейінгі жолды жүріп өтті. Бүгінде «Нұр Отан» – 1 миллион партия мүшелерінің басын қосқан жалпыхалықтық жетекші күшке айналды. Оған 5607 бастауыш партия ұйымдары мен еліміздің барлық өңірінен 247 филиал кіріп отыр. Партияны XXI ғасырдағы жоғары технологиялық, тиімді және бәсекеге қабілетті саяси ұйым ретінде жаңғырту бойынша ірі жобалар сәтті іске асырылып келеді. – «Нұр Отан» – халықтың әлеуметтік өміріндегі бірегей құрылым. Қоғам дамуына барынша күш салатын партия. Елдегі бизнес-климатты жетілдіру жөнінде жаңа міндеттерді жария еттім. Шағын және орта кәсіпкерлікті барлық жерде қолдап, халықтың бизнес-жобаларды жасауына, несиелендіру көзін табуына, салықтық және басқа да артықшылықтар туралы білуіне көмектестік. Шағын және орта кәсіпорындардың дамуы көптеген жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз ету – партия құзырында»,– деді Елбасы. «Бірлік бар жерде – тірлік бар». Партияның 20 жылда басты ұстанған бағыт-бағдары да – бірлікті нығайту, халық пікіріне құлақ асу. Себебі партия қолға алған қайсыбір бастаманың ұйытқысы да халық. Жүзеге асқан және алдағы уақытқа жоспарланған шараның бәрі елдің, қазақстандықтардың әлеуетіне құйылған инвестиция екені күмәнсіз.