28 Ақпан 2019, 09:47 661 0 Әдебиет Назым Тойлыбаева

Алатау аудандық сотында кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Алматы қалалық Алатау аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Алатау аудандық сотының төрағасы Тілеубаев Даурен Ниязбекұлы, Алматы қаласы бойынша нотариалдық палатасының өкілі, ҚР Жоғарғы соты пен Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі арасындағы атқарушы топтың жетекшісі Асаинова Людмила Александровна, «Тұрғын үй қызметін пайдалану» ЖШС өкілі Қабдрасилов Архат Қанатұлы, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бөлім басшысы Сағындықыов Мадияр,  «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілі Аркашова Меруерт, «Алматы газ» ЖШСның заңгері Құлбаев Нұрсұлтан, «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын өкілі Байдақ Мұрат Қансейітұлы, «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС заңгерлік бөлімінің бас маманы Сәрсенбаев Болат Дәндібайұлы, «Алматы тұрғын үй» ЖШС бас заңгері Құрманғалиев Асқар Қайратұлы және БАҚ-өкілдері қатысты қатысты.

Дөңгелек үстелге модераторы аудандық сот төрағасы Даурен Ниязбекұлы, азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу бойынша төрелік сотының қызметін құқықтық қамтамасыз етудің бірыңғайлығы мақсатында жасақталған заңның негізгі бағыттарын түсіндірді. Яғни, кейбір азаматтық істер бойынша дауды сотқа дейін тікелей нотариус арқылы шешу мәселесі қарастырылғанын айтты. 2019 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 42 заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілген. Оның ішінде 11 кодекс, жалпы алғанда, меншік құқығын қорғауды күшейтуге байланысты, төрелік институты, сот жүйесіне түсетін жүктемені оңтайландыру мен экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге байланысты 8 бөлігі қаралған.

Даурен Ниязбекұлы қатысушылардың назарын сот жүйесіне түсетін жүктемені оңтайландыруға бағытталған өзгерістерге аударды. Аталған өзгерістер судьяларға күрделі сот дауларын қарастыруға және оларға дайындық жасауға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді деді.

Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы бойынша нотариалдық палатасының өкілі, ҚР Жоғарғы соты пен Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі арасындағы атқарушы топтың жетекшісі Асаинова Людмила Александровна азаматтық процессуалдық заңнамадағы өзгерістер туралы өз баяндамасын жасады. Нақтырақ айтқанда, бұрын сотпен қаралған 9 даусыз талап-арыз нотариустарға берілді. Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап тұрғындар мен ұйымдар орындау қағазын алу үшін нотариусқа жүгінулері тиіс. Бұл еңбекақы жөніндегі берешекті өндіру, қарыз және өзге де талап-арыздар бойынша рәсімдерді жеңілдетеді дей келе, жұмыс тобының жетекшісі қатысушыларды қызықтырған барлық сауалдарға жауап берді.

Іс-шара қатысушылары енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқылап, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын халыққа түсінікті болу мақсатында алдағы уақытта да жалғастыру керектігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар