Сот жүктемесін оңтайландыру

Сот жүктемесін оңтайландыру

Сот жүктемесін оңтайландыру
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 135 бабына 2019 жылғы 21 қаңтардағы №217-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгiзiлген өзгерістірге сәйкес бұрын осы баптың нормаларымен көзделген кейбір талаптар бойынша қазіргі кезде сот бұйрығын шығару туралы арызбен сотқа жүгіну қажеттілігі жойылып, даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы негізінде нотариусқа жүгіну тәртібімен жүргізіледі. Яғни, келесі санаттар бойынша талаптар: 1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; 2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; 3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы; 4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы; 5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы; 6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы; 7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы; 8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы; 9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы". Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі республикамыздағы өткізіліп жатқан сот реформасының мақсаттарына сай келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарының дамуындағы уақытылы қадам. Бұл өзгеріс өндіріп алушыларға өз талаптарын тез арада қанағаттандыруға, уақытын үнемдеуге, сот жүктемесін оңтайландыруға мүмкіншілік береді.  

Абдрахманова Жанар Мұратқызы

Алатау аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы