Жаңалықтар

Жамбылдық зейнеткер Lamborghini-ге ұқсас көлік құрастырды

ашық дереккөзі

Жамбылдық зейнеткер Lamborghini-ге ұқсас көлік құрастырды

Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны Мея Тафиков әртүрлі ескі көліктердің бөлшектерінен ерекше жаңа көлік құрастырып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өнертапқыштың ол туындысының сыртқы пішіні кәдімгі Lamborghini көлігіне ұқсас. Гибрид көлік көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Шебердің өзі бұл көлікке «Фидана» деген атау берген. Оны құрастыруға тоғыз жыл уақытын сарп етіпті. Алайда, жүруге жарағанымен, құжаттары болмағандықтан аулада шаң басып тұр.