Жамбылдық зейнеткер Lamborghini-ге ұқсас көлік құрастырды

Жамбылдық зейнеткер Lamborghini-ге ұқсас көлік құрастырды

Жамбылдық зейнеткер Lamborghini-ге ұқсас көлік құрастырды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны Мея Тафиков әртүрлі ескі көліктердің бөлшектерінен ерекше жаңа көлік құрастырып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өнертапқыштың ол туындысының сыртқы пішіні кәдімгі Lamborghini көлігіне ұқсас. Гибрид көлік көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Шебердің өзі бұл көлікке «Фидана» деген атау берген. Оны құрастыруға тоғыз жыл уақытын сарп етіпті. Алайда, жүруге жарағанымен, құжаттары болмағандықтан аулада шаң басып тұр.  width= «Жастайымнан радиотехника мен электроникаға қызығып өстім. Зейнетке жақындағанда түрлі көлік құрастыруға құмарта бастадым. Көліктің сызбасынан бастап сырлауына дейін өзім жасап шықтым. Қазір көлік салонын сәндеу жұмыстары ғана қалды. Жазда техниканы сынап көрдім. Көліктің барлық бөлшегі қолдан жасалған. Электроникасы мен моторына дейін жаңартылған. Онға жуық көліктің бөлшектері кетті деуге болады. Алғашында бұл көлікті ұшатын етіп жасағым келген. Оны жасауға да болатын еді. Бірақ оған көп қаражат кетеді. Әрі құжат жинауға қиналамын»,-дейді Мея Тафиков. Автокөлік шебері 70-жылдары алғаш рет өз көлігіне алыстан басқаратын пульт ойлап шығарған. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына баламалы энергия алатын генератор орнатумен айналысқан. Жаңа көлігінің техникалық төлқұжатын түгендеп алғаннан кейін Мея спортқа арналған жүк көлігін жасауға ниеттеніп отыр.