Кеңсайда Батырханға арналған ескерткіш бой көтерді

Кеңсайда Батырханға арналған ескерткіш бой көтерді

Кеңсайда Батырханға арналған ескерткіш бой көтерді
ашық дереккөзі

Белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің құрметіне Алматыдағы Кеңсай зиратында мемориал кешені ашылды. Бұл туралы марқұмның арт-директоры, отбасының досы Олжас Байқановқа сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады. «Батырдың достары, жағдайы жақсы адамдар осы ескерткішті қоюға көмектесті. Оның отбасы да өз көмек қолын ұсынды. Кешен өте қымбат, бірақ талғаммен жасалды», – дейді О.Байқанов. Қою жасыл түсті Қордай тасынан жасалған кешен жарты ай түрінде жасалған. Сол жағында скрипка кілті бейнеленген. Ескерткіш тақтасының биіктігі 2,15 метр. Оң жағында саксофон ұстаған Батырдың бейнесі көрініс тапқан. Автор Әсел Есжанованың жобасы бойынша скрипка кілтінің үстінен орган аспабының 52 трубасы салынды. Бұл өнер иесінің жасын білдіреді.