Жаңалықтар

Қазақстанда бірқатар ЖОО сатылымға шығарылды

ашық дереккөзі

Қазақстанда бірқатар ЖОО сатылымға шығарылды

Қазақстанда бірқатар ЖОО жекеменшікке берілуі мүмкін. ҚР Қаржы министрлігі бірнеше жоғарғы оқу орнын  сатылымға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аукцион 2019 жылы 7 наурызда өтеді. Бұл күні ағылшын тәсілімен, яғни бағаның жоғарылауымен бәссауда өтеді. Ең жоғарғы бағаны ұсынған тұлға жеңімпаз атанады. Сатылымға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және шет тілдері университеті, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті шығарылды. Барлық нысандардың 35%-ы сатылымға қойылған. Бастапқы бағалары әртүрлі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және шет тілдері университеті бастапқы бағамен 1 711 278 931,00 теңгеге шығарылып жатыр. Кепілдік салымы -  75 750 000,00 теңге. Өтінімдер 7 наурызда таңғы 8-ден қабылданады. О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің саудасы 336 396 978,00 теңгемен шығарылып жатыр. Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының бастапқы бағасы - 2 522 061 695,00 теңге, Алматы энергетика және байланыс университеті - 1 401 617 089,00 теңгеге бағаланып отыр. Сонымен қатар Республикалық су  спорты шеберлігі мектебі  331 060 000,00 теңгемен сатылымға шығарылды. Нысан электронды тендер бойынша сатылады. Бұл жағдайда қатысушылар өздері қалаған бағаларын ұсыныс ретінде электронды конвертке салып, реестрдің мемлекеттік веб-парақшасына қояды. Толық ақпаратты gosreestr.kz сайтынан алуға болады.